411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 800 оқушы әлеуметтік жәрдем алатындардың тізіміне енбей қалған

  • 473
  • UPD: 13:41, 20.11.2019

Қарағанды қаласында тұратын 800 оқушы тиісті көмектен қағылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар әлеуметтік жәрдем алатындардың тізіміне енбей қалған. Әр жыл сайын жаңа оқу жылының алдында аз қамтылған отбасыларына мектеп жабдығы мен киім-кешек алу үшін әлеуметтік көмек беріледі екен. Қалалық білім бөлімі биылғы жәрдемді қаржылай беруге шешім қабылданған. Осылайша, әлеуметтік желі арқылы хабарлама жасайды. Кейін кенді шаһардағы 4 мыңнан астам бала 30 мың теңгеден ақшалай көмек алады. Ол үшін қазынадан 128 миллион теңге бөлінген. Алайда, бұл әлеуметтік жәрдем 800 оқушыға жетпеді. Ата-аналары өтінішті дер кезінде тапсырмағандықтан, тізімге ілікпей қалған.

Соның бірі - 4 баланың анасы Мадина Шолпанқұлова. Жалғызбасты ана балаларының тізімін тек қыркүейкте берген. Ата-аналардың наразылығынан соң білім бөлімі бұл мәселені жергілікті билікке жеткізіп, қосымша қаржы қарастырылатын болды.

Мәдина Шолпанқұлова, қала тұрғыны:

- Балаларыма аяқ киім, киім алып беретін ақшам болмады. Маған «мектептен көмек береміз, құжат тапсырыңыз» деп хабарласып айтты. Содан кейін мен құжаттарды өткіздім. Өткізген соң қазанда береміз деді. Соны күтіп-күтіп, қазанның аяғына дейін ақша жоқ болды.

Ақыл Есенбекова, қалалық білім бөлімінің бас маманы

- Қараша айында қалалық мәслихаттың сессиясында бұл мәселе қаралып, бюджеттен қосымша қаржы бөлінетін болды. Енді желтоқсан айында тізімге енбей қалған 800 баланың барлығы тиісті көмекті алады.

Хабар 24 телеарнасы