378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында МӘМС жүйесін енгізу барысы пысықталды

  • 243
  • UPD: 14:05, 20.11.2019
Түркістан облысында МӘМС жүйесін енгізу барысы пысықталды

Түркістан облысында 387 мың адамның шартты түрде мәртебесі анықталмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 35 мың азаматтың мәртебесі түбегейлі анықтауды қажет етеді. Бұл туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі өңірлік штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Түркістан облыстық филиалының директоры мәлім етті. Айтуынша, мәртебесі анықталмаған бұл азаматтардың біразы қайтыс болып кетсе, кейбірі шетел асып кеткен. Ал көптеген жастар басқа облыстарда білім алуда. Бірақ құзырлы органдардан сол туралы қажетті анықтама алмаған. Енді бұл азаматтар 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен медициналық көмек ала аламайды. «Қазір мемлекет өз тарапынан 11 млн халықты қамтитын 15 түрлі санаттағы азаматтарға жеңілдік беріп отыр. Олар балалар, көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері, мүгедектер мен жетім балалар және тағы басқалары. Сондай-ақ экологиялық аймаққа жататын өңір тұрғындары үшін де айтарлықтай жеңілдік бар», - дейді Асхат Бейсенбаев.

Асхат Бейсенбаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» кеақ облыстық филиалының директоры:

- Экологиялық аймақтарға бұл медициналық сақтандыру жүйесінде толығымен бәрі заңнама бойынша қарастырылған. Яғни, қаражат төлемдері біршама жоғары беріледі. Демек, медициналық мекемелерде емделген жағдайда алатын айлықтарына байланысты экологиялық, сондықтан экологиялық аймаққа қаражат көптеу беріледі.

Хабар 24 телеарнасы