422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда маңындағы тұрғын үйлерге қашан газ тартылады

  • 510
  • UPD: 14:25, 20.11.2019
Елорда маңындағы тұрғын үйлерге қашан газ тартылады

ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Нұр-Сұлтан қаласын магистралды газ құбырына қосу кезең-кезеңмен жүргізілетінін айтты, деп хабарлады primeminister.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында газ тарату желілерінің құрылысы 2025 жылға дейін салу мерзімімен үш кезекке бөлінген.  

Біріншісі – 2019-2021 жылдары. Алғашқы тұтынушылар келесі жылыту маусымында газға қосылатын болады. Олар – Көктал-1, Көктал-2 , Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары, сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-3. Бірінші кезегі 2020 жылы беріледі. 

Екінші кезек мерзімі – 2021-2023 жылдары. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс газ тарату пункттері қосылады. Интернациональный, Мичурино, Котельная аудандары газбен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар Пригородный, Family Village, Garden Village  шағын аудандары және халықаралық әуежай қазандығы қосылады. 

Үшінші кезекте – 2023-2025 жылдары. Ильинка, Өндіріс, Кірпіш зауыты, ЖЭО-2 газға қосылады. 

«Алғашқы газ тұтынушылар келесі жылы қосылады, бірақ бұл жұмыс жылдам бітпейді, ол ұзаққа созылатын кезеңмен жүргізілетін процесс», — деді вице-министр.

Хабар 24 телеарнасы