423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан кетті

  • 1177
  • UPD: 15:13, 20.11.2019
Таразда білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан кетті

Таразда мектеп оқушысының дәретханада зорланғанына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рахия Тұрмаханбетова бұл қызметте бірнеше жыл жұмыс істеді. Оқытушылық өтілі 30 жылдан асады. Сонымен қатар 11 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мектептің оқу ісі меңгерушісі, математика мұғалімі, кезекші мұғалім, күзетші және мектеп инспекторы да қызметтерінен босатылғаны белгілі болды.

Бұдан бұрын Таразда оқушы зорланған мектептің директоры өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы