431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің зейнетақы жүйесін Сингапур үлгісінде қайта жаңғырту ұсынылды

  • 347
  • UPD: 15:25, 20.11.2019
Еліміздің зейнетақы жүйесін Сингапур үлгісінде қайта жаңғырту ұсынылды

Елордада өтіп жатқан Стратегиялық бастамалар форумында еліміздің зейнетақы жүйесін Сингапур үлгісінде қайта жаңғырту ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Стретегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергеновтың сөзінше, дәл қазір бұл модель Қазақстан үшін ең қолайлы әрі тиімділерінің бірі. Сонымен қатар ол екі елдің жалпы ішкі өнімге қатысты бюджеті де шамалас екенін айтты.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш 16%-тің шамасында. Жаңа үлгі еңбекақы төлеу қорына салынатын салықты азайтуға да мүмкіндік беретін көрінеді. Сондай-ақ форумда бұдан өзге де пікірлер айтылды.

Хабар 24 телеарнасы