375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы билбордтарда есірткінің жасырын жарнамасы ілулі тұрған

  • 301
  • UPD: 20:14, 20.11.2019
Алматыдағы билбордтарда есірткінің жасырын жарнамасы ілулі тұрған

Алматының орталығындағы билбордтарда есірткі заттары ашық жарнамаланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаға ұстатарлық жайтты әлеуметтік желі қолданушылары байқап, құзырлы органдардың шара қолдануын сұраған. Абай мен Қонаев, Достық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы екі баннерде QR-код пен сайттың аты белгіленген. Сол сілтеме арқылы кірген адам әртүрлі есірткі заттарын саудалайтын ақпаратқа тап болады. Баннерді ілушілер тіпті конкурс та ұйымдастырған. Шарт бойынша оның жанында суретке түсіп, достарымен бөлісу керек. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасындағылардың айтуынша, осы жарнаманы ілу туралы хабарламаны билборд иесі 11 қарашада беріпті. Өтініш үш күннің ішінде қаралған. «Бірақ алғашқы мазмұны мүлдем басқа болатын», – дейді мамандар. Әзәзіл жарнама кеше алынып тасталған.

Төлеухан Исмаилов, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары:

– Берген кезде билбордтың эскизінде ешқандай есірткі болған жоқ. Ол жерде ұтыс ойыны туралы сілтеме болды. Одан кейін олар билбордтағы сілтемені өзгерткен. QR-кодты өзгерткен. Қазір құқық қорғау органдары осымен айналысып жатыр. Олар бұлай істеген кім екенін анықтады. Тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы