410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жемқорлықпен күрес мақсатында ағартушылық штаб құрылды

  • 703
  • UPD: 22:43, 20.11.2019
Елімізде жемқорлықпен күрес мақсатында ағартушылық штаб құрылды

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы баспасөз брифингінде агенттік өкілдері мәлімдеді. Қоғам белсенділерінен құралған ақпараттық-насихаттау тобы халықпен жүздесіп, парасаттылық қағидаларын дамытумен айналысады. «Бұл – агенттік қолға алған, жемқорлықпен күрес тәсілдерінің бірі», – дейді мамандар. Олардың айтуынша, штабтың мақсаты адамдардың моральдық-этикалық түсінігіне ықпал етіп, адал әрі ашық қоғам қалыптастыру. Ең бастысы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ақпараттық-ағартушылық топтың алғашқы кездесулері желтоқсан айында Алматы облысында өтеді деп жоспарланған.

Арман Бердалин, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақмола облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары:

– Көптеген адамдар өзінің құқығын білмеу кесірінен, сол заңды бұзуға дейін барып жатады. Параны алған адам да, берген адам да тең дәрежеде жауап беретіндігін білесіздер. Осыны біз халыққа жеткізуіміз керек. Сондықтан Республикалық арнайы штаб құрылды. Төрағаның тапсырмасымен облыстарда да осындай штаб жасақталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы