411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 9 айда 35 адам өрттің құрбаны болды

  • 497
  • UPD: 07:53, 21.11.2019
СҚО-да 9 айда 35 адам өрттің құрбаны болды

Солтүстік Қазақстан облысында жеке секторда орналасқан тұрғын үй толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылында болған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде баспананың шатыры жанып, ортасына құлаған. Алдын ала болжам бойынша от пештен шыққан. Жалпы айта кету қажет, биылғы жылдың 9 айында өңірде 35 адам өрттің құрбаны болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26 процентке көп.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңға дейін біздің өрт сөндірушілер сол орында жұмыс істеуде. Бірақ үйдің иесін таба алмай жатырмыз. Көршілердің айтуы бойынша, үйдің иесі 1965 жылдың тумасы. Үйдің иесі іште қалып қоюы мүмкін. Бәрі өртеніп кетті. Тек қабырғалары қалған.

Хабар 24 телеарнасы