412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда балаларға зорлық көрсеткен тәрбиешілер жазасыз қалды

  • 490
  • UPD: 07:53, 21.11.2019
Ақтауда балаларға зорлық көрсеткен тәрбиешілер жазасыз қалды

Ақтауда балабақшада зорлық көрген балалардың ата-аналары тәрбиешілерге кешірім берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі жақ та медиаторлар көмегімен ортақ шешімге келді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға биыл жазда қаладағы балабақшалардың бірінде болған. Тәрбиешілер балалардың ойнауына мүлде тыйым салған және тыңдамаған баланы қинап, оларға зәбір көрсетіп, бірнеше сағат бойы орындықта отырғызып қойған. Үлкендердің бұл қатесін 4 жасар бүлдіршіндердің бірі ата-анасына жеткізген. Кейін баланың анасы балабақшаға шағымданып, бейнежазбаларды көрсетуді талап етті. Бейнежазба арқылы кішкентай баланың шағымы дәлелденді. Сот үстінде 2 тәрбиеші мен бала күтушісі Қылмыстық кодекстің 140-бабымен айыпталады. Бір қызығы, айыпталғандар – 3-4 баласы бар көп балалы аналар.

Гүлнәр Байтұрова, қалалық соттың судьясы:

– Бұл қылмыстық іс бойынша үш тәрбиешіге қатысты, жәбірленушілер кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары екі жәбірленушіні кешіруіне байланысты татуласып, медиация бойынша, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы