420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда сенім телефоны арқылы 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді

  • 696
Талдықорғанда сенім телефоны арқылы 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді

Талдықорғандағы 114 сенім телефонына 6 мыңнан аса адам хабарласып көмек алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Консультативтік кеңес беретін орталық шілде айынан бері жұмыс істеп келеді. Әлеуметтік жобаға өңірдің білікті дінтанушылары мен психологтары жұмылдырылған. Олар облыс тұрғындарымен қатар басқа аймақтағыларға да жөн сілтеп, жол көрсетеді. Мысалы, осыған дейін ең көп Батыс Қазақстан облысынан қоңырау шалынған екен. Жалпы жолданған сауалдардың 300-і дінге қатысты болып отыр. Ал 200 адам психологпен сұхбаттасып, өзін мазалаған сұрақтарына жауап алыпты. 

Жандос Анарбекұлы, «Ізгілікті істер» ҚҚ қоғаммен байланыс орнату маманы:

– Қарапайым сұрақ туындай қалған жағдайда үйде отырып-ақ, 114 телефонына қоңырау шалып, жауаптарын алып жатады. Сондықтан бұл жобаны әрі қарай жалғастырып, оны республика аумағында одан әрі дамыту қажет деп санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы