381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Ауыл» ХДП жұмысы қорытындыланды

  • 304
Таразда «Ауыл» ХДП жұмысы қорытындыланды

Таразда «Ауыл» халықтық демократиялық партиясының жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық филиалдың есепті сайлау конференциясы 4 жылда бір рет өткізіледі. Партия өкілдері ауыл тұрғындарының өміріне басымдық беріп, басты назар аударған.  Қазіргі таңда бұл саяси құрылымға 300 мыңнан аса адам мүше. Соның 25 мыңы Жамбыл облысының тұрғыны. Биыл партиядағылардың қатары мыңнан астам жаспен толыққан. Басқосуда саяси кеңестің мүшесі сайланып,  13 делегат «Ауыл» партиясының  съезіне қатысатын болды. Жиын 27 қарашада Нұр-сұлтан қаласында өтеді. 

Ерболат Саурықов, «Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрағасы:

– Алдағы жылдағы біздің жоспарымызды талқыға салатын боламыз. «Ауыл» партиясының докторинасына жаңа өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасалатын болады. Және еліміздің өркендеуінің, ұлттың болашағының дамуының жаңа бағдарлары жасалатын болады. Осының барлығы бүгінгі есеп беру-сайлау конференциясында талқыға түсіп, жаңа пікірлер мен ұсыныстар айтылады.

Хабар 24 телеарнасы