386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда тұңғыш рет өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық чемпионаты өтеді

  • 148
Қарағандыда тұңғыш рет өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық чемпионаты өтеді

2020 жылы Қарағандыда тұңғыш рет өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 20-ға жуық мемлекеттің спортшылары қатысады деп жоспарланып отыр. Ауқымды шараға дайындық қазірден басталған. Кенді шаһарда өткен конференцияға 16 елдің өкілі жиналып, ұйымдастыру жұмыстарын пысықтады. Олар чемпионат өтетін «Шахтер» стадионына барып, инфрақұрылыммен танысты. Мұнда байрақты бәсекені өткізуге барлық жағдай жасалған, халықаралық стандарт талаптарына сай келеді, - дейді мамандар. Айта кету керек, биылғы чемпионат Ресей елінде өткен болатын, онда Қазақстан құрамасы 2-орын алды.

Дәурен Данаев, ҚР өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы директоры:

– Біздің өткізетін спорт жарыстары ол өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті жұмыс күнделігінен алынған. Тек динамика жоғары берілген. Неге десеңіз, 4 қабатты мұнараға шығу үшін 30 метр жер жүгіреді, 12 метр жоғары көтеріледі. Соны 12-14 секундта өту керек. 100 метр кедергімен жүгіру ол 16-17 секундта.

Хабар 24 телеарнасы