384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде балалар үйлері жабылып жатыр

  • 141
  • UPD: 09:22, 21.11.2019
Ертіс өңірінде балалар үйлері жабылып жатыр

Павлодар облысында осыдан тоғыз жыл бұрын ата-ана қамқорлығынан айырылған жеткіншектерге арналған 19 білім беру ұйымы болса, қазіргі таңда олардың қатары екі есе азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде мемлекеттік мекемелерде 300-ден астам бала тәлім алып жатыр. Ал бірнеше жыл бұрын олардың саны 800-ден асатын. Ұл-қыздарға жан жылуын сыйлап, бауырына басқысы келетін мейірімді жандар да көп. Балалар үйлері желісін азайту бойынша ата-ана қамқорлығынан айырылған жеткіншектерді отбасы қамқорлығына беру жұмыстары табысты жүргізілуде. Мәселен, облыс орталығындағы отбасы үлгісіндегі мекемеде 66 шәкірт бар. Бұл жерде түрлі жастағы балғындар бір отбасындай өмір сүріп жатыр. Олардың алаңсыз оқуына және тәрбие алуына қолайлы жағдайлар жасалған. Қазіргі уақытта мекеме басшылығы баланы қонақ отбасына беру форматына көшкен. Бүгінде бұл бағытта 10 келісімшарт жасалған.

Айта кетейік, соңғы үш жыл ішінде бала сүйгісі келетін жанұялар 700-ге жуық баланы бауырына басқан.  

Елена Баева, әлеуметтік педагог:

– Биыл екі бала туған ата-анасына оралды. Үш баланы асырап алды. Тағы екі жеткіншек жаңа отбасыға орналастырылмақ. Бала асырап алғысы келетін азаматтармен кездесіп, құқықтық кеңес береміз. Құжаттарды жинауға да көмек көрсетеміз. Бүгінде бала асырап алғысы келетін отбасылар жетерлік. Бұл қуантарлық жағдай.

Хабар 24 телеарнасы