422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында нан бағасын қымбаттатпау үшін 6 мың тонна бидай ұны сатып алынды

  • 676
Алматы облысында нан бағасын қымбаттатпау үшін 6 мың тонна бидай ұны сатып алынды

Жетісу жерінде нан бағасын қымбаттатпау мақсатында тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен 6 мың тонна бірінші сұрыпты бидай ұны сатып алынды.

Алматы облысындағы наубайханаларға 600 тонна арзандатылған астық жеткізілді. Өңірде жергілікті атқарушы билік пен наубайханалар арасында 40-қа жуық келісім жасалған. «Бұл шара келер жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Сонымен қатар 17 түрлі әлеуметтік тауардың бағасын тұрақтандыру бағатында бірқатар жұмыс атқарылып, тиісті келісімдерге қол қойылып жатыр», – дейді мамандар.

Диас Бейсенбек, «Жетісу» ӘКК баспасөз хатшысы:

– Ұн отандық өндірушіден келісі 130 теңгеден сатып алынды. Облыс наубайханаларына 90 теңгеден өткізілуде. Мемлекет әр келісін 40 теңгеден субсидиялайды деген сөз. Бұл өз кезегінде наубайханалардың нанның өзіндік құнын 80-85 теңгеден асырмауға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы