430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде тұрақтандыру қоры жұмысын бастады

  • 886
  • UPD: 10:07, 21.11.2019
Семейде тұрақтандыру қоры жұмысын бастады

«Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті агро-бірлестіктен 3 мың тонна көкөніс сатып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – былтырғыға қарағанда мың тоннаға аз көрсеткіш. Өйткені өткен жылы қордағы біршама өнім саудаланбай, ақыры жарамсыз болып қалған еді. Биыл қала тұрғындарына мың жарым тонна картоп, 500 тонна қырыққабат, 400 тонна сәбіз, 600 тонна пияз төмен бағамен сатылады деп көзделген. Осы мақсатта қаладағы 40 сауда нүктесімен келісім жасалды. Яғни өнімдерге 10 проценттен аспайтын үстеме қосылып, баға 77 теңгеден аспауы тиіс.

Айжан Хасенова, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Мысалы, қырыққабаттың бағасы 98 теңге деп айтатын болсақ, қазір тұрақтандыру баға бойынша 77 теңге. Сондықтан бағаның өзі мына жерде ақырындап төмендей бастайды деген мағынаны білдіреді. Және де халыққа да қолжетімді, ол кісілер дүкенге де бара алады. Сонымен қатар автокөліктен де сауда жасап отырады.

Хабар 24 телеарнасы