418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды

  • 647
  • UPD: 10:28, 21.11.2019
Түркістан облысында мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды ҚазАқпарат

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлағандай, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Бірлік атындағы орта мектебінің директоры Б.Шырымбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

Ол азаматты техникалық персонал ретінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) жұмысқа тұрғызу үшін 150 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған.

Биылғы 20 қарашада Мақтаарал ауданының №2 сотының үкімімен аталған шенеунік пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 4,5 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы