411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 175 млн теңгені ұрлап кеткендерге іздеу салынды

  • 321
  • UPD: 11:48, 21.11.2019
СҚО-да 175 млн теңгені ұрлап кеткендерге іздеу салынды

Солтүстік Қазақстандағы Ақжар ауданы Талшық ауылында суық қару кезенген белгісіз біреулер кәсіпкерді қорқытып, 175 млн теңгесі мен ұялы телефондарын алып кеткен.

Қарақшылық шабуыл аудан орталығындағы ірі элеваторда кешкі жетілер шамасында болған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер екі сөмке ақшамен мемлекеттік нөмірі жоқ жеңіл көлікке мініп, белгісіз жаққа бет алды. Қазір осыған байланысты іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы