384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда есірткі жарнамалаған компанияға айыппұл салынды

  • 170
  • UPD: 14:37, 21.11.2019
Алматыда есірткі жарнамалаған компанияға айыппұл салынды

Алматының орталығындағы билбордтарда есірткі заттарын жарнамалаған компанияға 750 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, «Наружная реклама-Регионы» компаниясының өкілі 1973 жылы туған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 423-бабы бойынша, Есірткі, психотропты заттар мен прекурсорларды насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін айып тағылып отыр. Тапсырыс берушінің де аты-жөні белгілі болды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ол осы жарнамаларды Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды және Өскемен қаласында орналастыруға тапсырыс беріпті. Қазіргі кезде баннерлер алынып тасталды.   

Хабар 24 телеарнасы