378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Қазбат» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

  • 399
Қарағандыда «Қазбат» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

Қарағандыда Ұлттық ұланның қолдауымен түсірілген «Қазбат» толық метражды көркем фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі сағаттық кино шынайы оқиғаға негізделген. 1995 жылдың көктемінде тәжік-ауған шекарасында Қазақстан жауынгерлері бітімгерлік миссиясын атқарған болатын. Сәуірдің 7 күні Пшихарв шатқалында 7-рота сарбаздарына содырлар тұтқиылдан шабуыл жасап, кескілескен ұрыс басталады. Осы шайқаста 17 отандасымыз қаза тауып, 33 жігіт жарақат алады. Кейін шейіт болған марқұмдардың барлығы Елбасы Жарлығымен «Айбын» орденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Кино Алматы облысының маңында түсіріліпті. Жұмыс жарты жылда аяқталған. Басты рольді Дәурен Серғазин сомдайды, ал режиссері – Асқар Ұзабаев. Көркем фильм бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастайды.  

Қанат Беляков, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы басшысының орынбасары:

– Бұл фильмнің ең маңызды мақсаты – идеологиялық тұрғыдан ер азаматтардың санасына оң әсер етіп, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін және оның қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыру, ықпал ету болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы