425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ІІМ Олеся Кексельге қатысты істің тоқтатылғанын растамады

  • 449
  • UPD: 17:22, 21.11.2019
ІІМ Олеся Кексельге қатысты істің тоқтатылғанын растамады

ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылған жоқ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ішкі істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы О.Кексельге қатысты тергеу амалдарының тоқтатылғандығы туралы ақпаратты растамайды. Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр», - деді баспасөз қызметі.

Бұған дейін бұрынғы Бас прокурор, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты тергеуге пікір білдіріп, оның тоқтатылғанын айтқан еді.

Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын түсіндірген болатын.

Хабар 24 телеарнасы