381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық мерейтойы атап өтілді

  • 418
  • UPD: 15:41, 21.11.2019
«Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық мерейтойы атап өтілді

Бүгін елордада «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің ғасырлық мерейтойы атап өтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында басылымның өткені мен бүгіні сараланып, ел өміріндегі тарихи рөлі айшықталды.

«Egemen Qazaqstan» республикалық газеті ғасырлық белесті еңсерді. Алғаш рет 1919 жылы жарыққа шыққан басылым бүгінде 200 мың тиражбен елдің түкпір-түкпіріне тарайды. Газет тұтас ұлттың тарихы мен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңін айғақтайды. Өткен жүз жылдықтың жылнамасы һәм шежіресі іспеттес.

Егемен елдің еңсесін тіктеген де осы аға басылым. Тәуелсіздік алған тұста газет ұжымын басқарған Шерхан Мұртаза «Социалистік Қазақстан» атауын «Egemen Qazaqstan-ға» алмастырды. Елмен бірге түлетіп, түрлендірді. Кейінгі басшылары да Жүсіпбек Аймауытов. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов салып кеткен сара жолды жалғастырды.

Дархан Қыдырәлі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы:

– Салтанатты шарада Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаттары оқылды. Зиялы қауым өкілдері жылы лебіздерін арнады. Газеттің ардагерлері мен қазіргі буын өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы