380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордай бекеті жөндеу жұмыстары үшін жабылады

  • 209
  • UPD: 18:18, 21.11.2019
Қордай бекеті жөндеу жұмыстары үшін жабылады

Сенат депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-саттықты арттыруға сеп болатын құжатты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізіп, осыған қатысты тиісті хаттаманы ратификациялады. Депутаттар қабылдаған заң жобасы Қарасу мен Қордай өткізу пунктерінің жүктемесін жеңілдетіп, шекара маңындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Екі жақтан Қордай арқылы шекара асатындар көп. Сондықтан бұл бекет алдағы уақыт жөндеу жұмыстарына жабылады. Сөйтіп, Сарытөбе, Ауқатты автомобиль өткізу пунктерінің жүктемесі артады. Сол үшін бұл құжатта осы бекеттердің мәртебесін халықаралық деңгейге жеткізу қарастырылған.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Екі ел арасында адамдар мен көлік құралдары ең көп өтетін пункт Қордай болғандықтан, оны жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Құрылысты бастау 2020 жылдың наурыз айында жоспарланған. Сол себепті Сарытөбе, Ауқатты автомобиль өткізу пункттерін көпжақты халықаралыққа ауыстыру Қордай өткізу пункті жабылғанда өтушілер аталған екі бекетті пайдаланады.

Хабар 24 телеарнасы