424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТЖК: соңғы тәулікте 20-дан астам адам құтқарылды

  • 476
  • UPD: 21:45, 21.11.2019
ТЖК: соңғы тәулікте 20-дан астам адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар комитеті ауа райының құбылмалы болуына байланысты қазақстандықтарды сақтық шараларын қатаң ескеруге шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өйткені елдегі жедел жағдай күрделі», - дейді құтқарушылар. Соңғы тәулікте олар өрт сөндіру және апатты-құтқару қоңырауларына 177 мәрте шықты. Осылайша, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары 20-дан астам адамды құтқарып қалды, оның үшеуі бала. Бұл туралы комитет төрағасы Владимир Беккер хабарлады. Оның айтуынша, елдің 6 өңірінде ауа температурасы күрт төмендеді. Қалааралық жолдардағы жағдай да мәз емес. Өйткені бүгін түнгі уақытта оңтүстіктен солтүстікке қарай бет алған 3 жолаушылар автобусы істен шықты. Мәселен, Павлодар – Қызылорда тасжолында тұрып қалған техниканың дизельдік жанармайы мұздап қалған. Салонда болған 12 адамның 4-еуі ресейлік азаматтар.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Маусымаралық дизельдік жанармай бағасы Алматыда 198, Шымкентте 194 теңге шамасында. Ал қысқы көлік отынының құны 280-296 теңге аралығында. Жазғы және қысқы жанармай құнындағы 100 теңгелік айырмашылыққа бола, ақшадан үнемдегісі келген тасымалдаушылар өздерінің де, салондағы жолаушылардың да өмірін қауіп-қатерге тігеді.

Хабар 24 телеарнасы