420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразды ақ ұлпа қар басты

  • 595
  • UPD: 21:52, 21.11.2019
Таразды ақ ұлпа қар басты

Термометр бағаны минус үшке төмендеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктер күн райының күрт салқындауын Жамбыл өңірінен арктикалық салқын желдің өтуімен байланыстырады. Бұл туралы төтенше сала қызметкерлері аймақ тұрғындарына смс-хабарлама жолдау арқылы ескертіпті. Қазір кей аудандарда қардың қалыңдығы 16 сантиметрге жеткен. Қалың тұман, көктайғақ пен қатты аяз алдағы күндері де сақталады. Күн райы қарашаның 26-ынан бастап жылына бастайды деген болжам бар.

Салтанат Бейімбетова, инженер-синоптик 

- Қалың тұманды, алайда жауын-шашынсыз күндер қараша айының соңына дейін болады деп күтілуде. Желтоқсан мен қаңтар айлары қар жиі жаууы ықтимал. Ал ақпанда ақ ұлпа сирек түсуі мүмкін. Жалпы көктем мезгілі біздің өңірдің климаттық кезеңіне сәйкес өз уақытында келеді деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы