430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қорғаныс министрлігі 2019 оқу жылындағы Қарулы күштер қызметінің қорытындысын талқылады

  • 1154
  • UPD: 22:54, 21.11.2019

Жыл орайында құрлық әскерлерінде жауынгерлік дайындыққа қатысты 7000-нан аса оқу-жаттығу ұйымдастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы еліміздің Қарулы күштерінде жоспарланған барлық іс-шара толықтай орындалды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

Әскеріміздің айбыны асқақ. Жыл сайын қорғаныс күшейтіліп, ел іргесі бекіп келеді. Атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Отырыс барысында министр жеке әскер түрін дамытып, армияны кешенді қайта жарақтандыру қажеттілігін атап өтті.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

Бүгін қорытынды жасалып, алдағы міндеттер қойылады. Қарулы күштерді дамыту үшін басым бағыттар белгіленетін болады.

Биыл Қарулы күштеріміз межелі жоспарды түгел орындаған. Бөлімшелер 20-дан астам халықаралық, 2 түраралық оқу-жаттығуға қатысты. Сондай-ақ Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлыққа қатысты 7000-нан астам оқу-жаттығу өткізілді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

Қарулы күштердің бүгінгі жағдайы бұл Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, оның егемендігі мен аумақ қауіпсіздігін қорғаудың негізгі мәселесі болып табылады. Ел басшылығы армияның сапасын арттыру, жаңа геосаяси болмыста оның ел қауіпсіздігіне төнетін қатерге тойтарыс беруге әзір беру мәселесін әрқашан назарда ұстайды.

Отырыс барысында 2019 жылғы жауынгерлік сайыстардың жеңімпаздары марапатталды. Құрлық әскері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері арасында «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары, Десантты-шабуылдаушы әскерлері үздіктер қатарынан көрінді.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы