384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында пойыздарда билетсіз жүрген 100-ден астам тұлға анықталды

  • 131
  • UPD: 08:36, 22.11.2019
Қарағанды облысында пойыздарда билетсіз жүрген 100-ден астам тұлға анықталды

Қарағанды облысының пойыздарында 100-ден астам билетсіз жолаушы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Адал жол» жобалық кеңсесі аясында құрылған арнайы жұмыс тобының қызметкерлері жыл бойы жүргізген рейдтік шараларының қорытындысымен бөлісті. Олар бір жыл ішінде 32 рейдтік іс-шара өткізіп, билетсіз жүрген азаматтарды жауапқа тартқан. Сонымен қатар, тексеріс барысында ресми кассаларда билеттер тапшы болып, өзге тұлғалар билеттерді вокзал ішінде емін-еркін сатып жүрген фактілер де анықталған. Сондай-ақ, билетсіз жол жүруге пойыз жолсеріктері де өздерінің қызметтерін ұсынғандығы мәлім болды. Анықталған барлық заңбұзушылықтар бойынша 22 хаттама толтырылып, 158 000 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Асхат Оразхан ҚР СЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының орынбасары:

– Сол кісілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмыс әлі жүргізілуде. Жазда, адамдар демалысқа шыққан уақытта кассада билет жоқ, сол билеттерді басқа кісілерден екі үш есе қымбат сатып алады. Сондықтан біз осы кеңсені ұйымдастырдық. Қазақстан Теміржолы біздің агенттікпен бірге «Адал жол» деген кеңсені ашты, осындай фактілер болмас үшін.

Хабар 24 телеарнасы