376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея Қазақстанмен 5G технологиясымен бөліседі

  • 205
  • UPD: 16:04, 22.11.2019

Келер жылы Қазақстанда халықаралық ақпараттық технологиялар орталығы құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы келісімге Сеулде еліміздің ұлттық инфокоммуникациялық холдингі мен Кореяның ақпараттық қоғамды дамыту агенттігінің басшылары қол қойды. Қос елдің президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Дже Ин де осындай орталықты ашуға үстіміздегі жылдың сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында келіскен еді. Қазақстанның астанасында IT-орталықты құру жұмысы үш жылға, яғни 2020 жылға дейін созылады. Оңтүстік Кореяның ақпараттық қоғамды дамыту жөніндегі Агенттігі IT саласындағы халықаралық жобалармен 2003 жылдан бері айналысады.

О Ган Так, Корея ақпараттық қоғам дамыту агенттігінің вице-президенті:

– IT технологиялар орталығының көмегімен төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында жасанды интеллект, заттар интернеті, бес джи, үлкен дата, бұлт және басқа технологиялар сияқты алдыңғы қатарлы IT технологияларымен тәжірибе алмасу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазақстанды цифрландыруға арналған жаңа технологиялар саласындағы жоспарды жүзеге асыру көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы