432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «From KZ» халықаралық жастар форумы өтті

  • 942
  • UPD: 16:02, 22.11.2019

Елордада Тұңғыш Президент күні қарсаңында және Жастар жылының тәмамдалуына орай «From KZ» халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара жастардың басын біріктіру, патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерін ояту, пайдалы еңбекке және кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған Ресей, Қырғызстан және Башқұртстанның белсенді жастар арнайы келді.

Юлия Лагуткина, қалалық ҚХА жастар қанатының мүшесі:

– Осындай іс-шаралар ең біріншіден тілтабысушылық береді. Кез келген ортада Ассамблеяның жастары бірден тіл табысып кетеді. Мысалы, шетелге болсын шыққан сәттерде жастар кез келген мәселеден шығу жолын таба алады. Осындай іс-шаралар бізге үлкен қуат, серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы