426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» агенттігінің журналисі байқауда топ жарды

  • 916
  • UPD: 16:03, 22.11.2019

«Хабар» агенттігінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Тамара Степанова журналистер мен блогерлер арасында өткен облыстық байқауда бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комиссия «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері» номинациясы бойынша әріптесіміздің жұмысын үздік деп бағалады. Қазылар алқасының пікірінше, Тамараның сюжеттерінде тілшінің тақырыпты ашу үшін ізденгені, сараптама жасағаны байқалады. Облыстағы әлеуметтік мәселелерді шебер жеткізе білген. Аталған байқау төрт аталым бойынша бойынша өтті. 30-дан астам қатысушы өз жұмыстарын ұсынған. Әріптесімізбен бірге тағы да 4 журналист жеңіске жетті. Олар қазақ тілінің мәртебесін, «Жастар жылын», сондай-ақ биыл 80 жылдығы тойланып жатқан Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттаған.

Тамара Мтепанова, «Хабар» агенттігінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі:

– Бүгінгі жеңісім - мен үшін тосынсый болды. Өйткені бұл байқауға тек талантты журналистер ғана емес, блогерлер де қатысты. Біз өңірдегі тілші болғандықтан осы аймақтағы барлық жаңалықты қалт жібермеуге тырысамыз. Халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, жетістігін бүкіл елге паш етеміз. Еңбегімді бағалаған жандарға да, осы жетістікке жетуіме атсалысқан әріптестеріме де рақмет айтамын. Себебі бір сюжеттің артында тұтас команданың еңбегі тұр.

Хабар 24 телеарнасы