427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада аялдамадағы жол апатынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі

  • 586
  • UPD: 18:30, 22.11.2019
Қызылордада аялдамадағы жол апатынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі ernur.kz

Қызылордада аялдамадағы жол апатынан қайтыс болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі.

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Өзімнің орынбасарларыма апаттан зардап шеккен отбасылардың үйлеріне барып, көңіл айтуларын тапсырдым. Ауыр жағдай болғанда бір-бірімізге қол ұшын созуымыз керек. Ол да адамгершілік қасиет. Барлық отбасыға материалдық көмек көрсетіледі», - деді Қуанышбек Ысқақов.

Сонымен қатар оқиғаға жауапты адамға құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолданатынын айтып өтті.

Айта кетсек, 21 қарашада Қызылордадағы орталық көшелердің бірінде екі көлік соқтығысып, біреуі екпінмен барып, аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, ауыр халдегі екі бала жансақтау бөліміне түсті. Бүгін жансақтау бөліміндегі балалардың бірі де жан тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы