380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға қар түскелі әкімдікке шағым көбейген

  • 250
  • UPD: 20:00, 22.11.2019
Елордаға қар түскелі әкімдікке шағым көбейген

«Аулаларда қар тазартылмайды. Мұз ойылмайды. Жер жылтырап жатыр». Осылай деп бүгін Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасарына жұрт арызын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алтынбек Қайсағалиев дұрыс қызмет көрсете білмейтін пәтер иелері кооперативі мен тұрғын үйлерді басқарушы компаниялардың басшыларын сөкті. Жиында қаладағы коммуналдық мекеме басшысы, аудан әкімдерінің орынбасарлары есеп берді. Белгілі болғандай, биыл шаһардан 240 мың текше метр қар шығарылған. Әкімдіктің «көше, аулалар тәулігіне үш рет тазартылсын» деген талабы бар. Бұл іске күн сайын 650 техника мен 800 жұмысшы жұмылдырылады. Десе де, жасалған шаруаны бас бармақпен бағалайтындай емес. Алда әлі қаһарлы айлар тұр.

Алтынбек Қайсағалиев, қала әкімінің орынбасары:

– Қыста шамадан тыс қар түседі деген болжам бар. Жауапты мезгілдің алғашқы кезеңінде кей аулалардағы қар тиісті деңгейде тазаланбаған жағдайлар анықталды. Алдағы уақытта мұндай жайттар үшін шаралар қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы