384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар тарихи құнды мәліметтерді жария етті

  • 129
Ғалымдар тарихи құнды мәліметтерді жария етті

Ертіс өңірінің ғалымдары тарихта «Қалмақ қырылған» деген атаумен белгілі қазақ-қалмақ шайқасына қатысты құнды мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жау қолы ойсырай жеңілген соғыстың нақты датасы мен орны анықталды. Қазақстан тарихы үшін аса құнды деректер Торайғыров университетінде өткен ғылыми конференцияда паш етілді. Шайқас Май ауданының Ақшиман ауылының маңында 1741 жылы болған. Зерттеушілердің пайымдауынша, қос әскердің кескілескен соғысы ақпан-наурыз айларында болған. Бүгінгі шара барысында әскери әрекеттерді айна-қатесіз көрсететін карта таныстырылып, Орталық Азия тарихына қатысты құнды пікірлер айтылды.

Айта кетейік, павлодарлық ғалымдар бұған дейін Май ауданының аумағынан қола және ерте темір дәуірінде өмір сүрген адамдарға қатысты артефактілерді тапқан. Қазір олар кешенді зерттеуден өткізіліп жатыр.

Владимир Тепкеев, Ресей ғылым академиясы калмық ғылыми орталығының қызметкері:

- Алдағы уақытта Май мауданының Ақшиман жерін зертетуді жоспарлап отырмын. 1771 жылы қалмықтардың бір бөлігі Қытай жеріне көшіп кеткені белгілі. Олар қазіргі Қазақстан аумағынан өткен. Бұл туралы материалдар орталық және аймақтық мұрағаттарда сақтаулы. Деректердің барлығы терең зерттеуді қажет етеді. Болашақта қазақстандық әріптестерімізбен бірлесіп, зерттейміз деген үміттеміз.

Виктор Мерц, Toraighurov university археологиялық зерттеулер орталығының директоры:

– «Қалмақ қырылған» тауының аумағындағы қалмақтардың тұрақтарын анықтадық. Бұл – таудың солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтары. Осы жерлер көшіп-қонуға аса ыңғайлы болған. Сол себепті, жоңғарлар дәл осы жерлерге қызығып, жаулап алғысы келген. Біздің болжамымызша, жоңғар-қазақ шайқасы қазіргі Ақшиман ауылының аумағында болған.

Хабар 24 телеарнасы