384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада күріштің жаңа екі сұрпы пайда болды

  • 155
  • UPD: 21:44, 22.11.2019
Қызылордада күріштің жаңа екі сұрпы пайда болды

«Сыр сұлуы» және «Әйгерім» деген атау алған дақылдардың өнімділігі жоғары әрі қысқа мерзімде өсіп дамиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс басшысы Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті ғалымдар ойлап тапқан жаңа сұрып биыл өз тиімділігін дәлелдеді. Биыл өңір диқандары гектарына 60,3 центнерден өнім алып, қоймаға 530 мың тоннадан астам күріш құйған. Өңір шаруалары ауыл шаруашылығын әртараптандыру мақсатында егіс алқаптарына соя егуді де қолға ала бастады. Сосын мал басын көбейтіп, ет экспортын ұлғайтуға басымдық берілуде. Мал өнімдерін шикізат күйінде емес, дайын өнімге айналдыру үшін өндірістік кәсіпорындар ашуға күш салынуда.

Қуанышбек Ысқақов, Қызылорда облысының әкімі:

– Биыл біз облысымызда халықаралық стандарттарға сай келетін өнімге экспортқа бағытталған ет комбинатының құрылысын бастап отырмыз. Комбинат жылына 5 мың тонна етті терең өңдейтін аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі болады. Сонымен бірге біз алдымызға құс шаруашылығы, сүт және етті мал шаруашылығы, жылыжай өндірісі және жеміс-жидек дақылдары өндірісі, майлы дақылдар өндіріретін шаруашылықтар сияқты қалыс қалған салаларды дамытуды міндет қылып қойып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы