384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында су тұщыту зауытының құрылысы басталды

  • 139
Маңғыстау облысында су тұщыту зауытының құрылысы басталды

Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнында жерасты суын тұщытатын ірі зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба құны – 23 миллиард теңге. Бұл қаражаттың барлығы – жеке инвесторлардыкі. Кәсіпорын Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су тапшылығын азайтуға сеп болады. Қазір екі аймаққа Ресейден келетін Қиғаш өзенінің суын Қаражанбас кен орны да тұтынып отыр. Тәулігіне 17 мың текше метр су сатып алады. Жаңа зауыт іске қосылған соң, мұнай кенішіне жұмсалатын су өңір тұрғындарына беріледі. Сәтін салса, құрылыс келер жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Ахметжан Есімов, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы:

– Технологияға байланысты суды қайтадан жер астына кысыммен жіберудің орнына ол азаяды. Сондықтан да мұның тиімділігі жоғары болады. Мұнайды 750 мың тоннаға көбірек табуға жол ашылады. Екіншіден электр энергия бар, судың бағасы бар басқа да жұмыстардың қажеттілігі бүгінгі күндей болмайды.

Ризат Өтегенов, мердігер компанияның директоры:

– Зауыттың аумағы 50 мың шаршы метрден асады. Негізгі цехтың өзі 3800 шаршы метрді құрайды. Құрылыс кезінде 72 адам еңбек етеді. Ал зауыт іске қосылған соң 50 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.

Хабар 24 телеарнасы