379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 1 млн-ға жуық адам сақтандыру жарнасын төлеуден босатылған

  • 282
  • UPD: 08:44, 23.11.2019
Қарағанды облысында 1 млн-ға жуық адам сақтандыру жарнасын төлеуден босатылған

Қарағанды облысының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында дәрігерлік көмектің қымбат түрлеріне қол жеткізе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек соңғы екі айдың ішінде өңірдің 6 мың тұрғыны жоғары технологиялы диагностикалық тексерістен өткен.

Айта кетейік, жаңа жүйе әзірге тек Қарағанды облысында жүзеге асуда. Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап еліміздің өзге де өңірлерінде қолға алынбақ. Қанатқақты жобаның ең әуелі кенді өлкеде басталуы кездейсоқ емес. Мұндағы емдеу мекемелерінің жұмысы 100% цифрлық жүйеге көшкен. Мамандардың айтуынша, облыстың 1 миллионға жуық тұрғыны сақтандыру жарнасын төлеуден босатылған. Оларға тиісті қаржыны мемлекет аударып отырады. Ал тұрақты жұмысы бар тұрғындар табысының 1%-ін қорға аударып отыруы тиіс. Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған кәсіпкерлер де бұған мүдделі болуы керек. Бүгінде кенді аймақта 35 мың адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген.

Ержан Нұрлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бұған дейін компьютерлік томография, МРТ-дан тексерілу ақылы болатын. Қазір учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша тегін өтуге болады. Айталық, жаңа жүйе енгізілмей тұрып медициналық қызметтің бұл түріне денсаулық сақтау басқармасы арқылы квота берілетін. Балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге айына шамамен 100 квотадан үлестіретінбіз. Қазір барлығы тегін. Бүгінгі күні осы аппараттарда тексерілгісі келетіндер саны 3 есеге өсті. Екі айда 6 мың адамды қарадық.

Хабар 24 телеарнасы