377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейресми сауалнама: елімізде ата-аналардың 70%-і балаларын ұрады екен

  • 258
  • UPD: 14:12, 23.11.2019

Бала тәрбиесіне ең алдымен ата-ана жауапты. Бірақ сол жауапкершілік жүгін олардың барлығы бірдей сезіне ме?

Жанұядағы туындайтын тұрмыстық жанжал мен маскүнем ересектердің оспадарсыз әрекеті шаңырақты шайқалтқан жайттар жиілеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл келеңсіздіктер баланың сана-сезімі мен тағдырына кері әсерін тигізері хақ. Осы мәселелер Алматыда өткен «Берекелі отбасы – бақытты отбасы» атты жиында талқыланды. Басқосуда әсіресе, ата-аналар тарапынан туындайтын түсініспеушілік, баланы ұрып-соғу оқиғалары туралы айтылды. Мұндай жағдайда оларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіп, кеңес беретін «Қазақстанның балалар ауылы» атты қайырымдылық қоры жұмыс істейді. Биыл оның көмегіне ел астанасы мен Алматы және Теміртау қалалары бойынша 100-ден астам ана жүгінген.

Алина Аблеева, «Берекелі жанұябақытты бала» жобасының үйлестірушісі:

- Ғаламтор арқылы бейресми сауалнама жүргіздік. Оған қатысқан ата-аналардың 70%-і балаларын ұратындарын айтқан. Ұрып-соғу салдарынан бойын қорқыныш пен үрей билеген баланың өзіне деген сенімі жоғалып, күйзеліске тез ұшырағыш келеді. Біздің жоба ең алдымен ата-аналардың балаға деген мейрімін арттыруды, тәрбие мәселесіндегі сабыр мен өзара түсіністікті қалыптастыруды көздейді. Бұл қазіргі өмір ағымында өте қажет қасиеттер.

Эльмира Огобаева, көп балалы ана:

- Біздің ер адамдардың көбісі майдаланып кеткені өте қиын жағдай. Арақ деген бұл – үлкен проблема. Осы ішімдік деген нәрсе жойылса деп ойлаймын. Бұл жерде әрі қарай өзімді дамытып, психологтардың алдынан, тренингтерінен өтіп, мен үкілі үмітпен болашақа қарап отырмын.

Хабар 24 телеарнасы