377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы жексенбілік жәрмеңкелерде азық-түлік бағасы бақыланатын болды

  • 200
  • UPD: 14:34, 23.11.2019

Алматыдағы жексенбілік жәрмеңкелер болашақта кассалық аппараттармен ғана сауда жасауы мүмкін.

Бұл туралы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» басшысы Асқар Білісбеков хабарлады.

Мұндай қадам жәрмеңкелердегі азық-түлік бағасын бақылау үшін жасалып отыр. Сондай-ақ тауар құны көрсетілген арнайы электронды таблолар орнатылады. Яғни, саудагерлер штрих-код пен таблодағы бағадан асырып сата алмайды. Асқар Білісбековтың айтуынша, жексенбілік жәрмеңкелерге ай сайын 240 мыңнан астам адам келсе, тауар айналымы 6 миллиард теңгеден асады. Бұған қоса, бағаны тұрақтандыру мақсатында күнделікті жұмыс істейтін 4-5 шағын базар ашылады. «Қазір қажетті жер телімі іздестіріліп, тұжырымдамасы жасалуда», - деді компания басшысы.

Асқар Білісбеков, «Алматы» ӘКК АҚ басқарма төрағасы:

- Біз кассалық аппараттарды орнатуға ден қойып отырмыз. Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктерде жақсы технологиялар жеткілікті. Үлкен кассалық аппаратты қоймай-ақ, телефонға тіркелген терминалдармен де жұмыс істеуге болады. Осы жөнінде қазір инвесторлармен де ақылдасып жатырмыз.

Жалпы қаланың тұрақтандыру қорында 2547 тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарлары сақталған. Оның құны 722 миллион теңгеден асады. Сондай-ақ, нанның бағасын өсірмеу үшін ірі нан комбинаттары және бірқатар сауда орындарымен арнайы меморандумдар бекітілді.

Хабар 24 телеарнасы