420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда балабақшаларында сенсорлық ойын бөлмесі ашылды

  • 996
  • UPD: 23:41, 23.11.2019
Қызылорда балабақшаларында сенсорлық ойын бөлмесі ашылды

Қызылорда балабақшаларында алғашқы сенсорлық ойын бөлмелері ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы құрылғылармен жабдықталған бұл орталықта ерекше қажеттілігі бар балалардың сезім мүшелері дамытылады. Озық технологиялық жүйе қаладағы 140 орындық «Сыр жұлдызы» балабақшасына енгізілді. Мамандардың айтуынша интерактивті қондырғылар баланың ақыл-ойы, қимыл моторикасы, көру-сезу қабілетін арттыра түседі. Бөбекжайда «STEAM» дамытушы тәсілдері қолданылады.

Жанат Мұхамедқалиева, балабақша меңгерушісі:

– Бұл сенсорлық ойын бөлмесі бала қиялының, зейінінің тұрақталуына, жалпы қабілетінің дамуына, қимыл-қозғалысына өте пайдалы. Бұл жерде тек қана инклюзивті балалар емес, барлық бала дамуына өте жақсы жағдай жасалған. Кабинеттерді дайындау бізге оңайға түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы