427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент-Сарыағаш тас жолында ірі жол апатынан 15 адам зардап шекті

  • 1264
  • UPD: 16:47, 24.11.2019
Шымкент-Сарыағаш тас жолында ірі жол апатынан 15 адам зардап шекті

Түркістан облысында төрт көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы Қазығұрт ауданында бір бағытта қозғалып келе жатқан төрт автокөлік соқтығысқан. Салдарынан көліктердің бірінен өрт шыққан.
Оқиға болған жерде Түркістан облысы ПД тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары болған жағдайды анықтауға кірісті. Ал Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол жүру ережесін сақтау және ауа райы нашар жерлерде сақ болу керек екенін ескертті.
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, төрт автокөліктің соқтығысуы салдарынан 15 адам зардап шеккен.
«Қазығұрт аудандық ауруханасына 14 адам жеткізілді. Біреуі қалды, ол дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болмады. Жеті адам реанимацияға жеткізілді, жағдайлары ауыр. Травматологияда үшеуі жатыр, төртеуі үйіне жіберілді. Облыстық аурухананың нейрохирургтері аудандық ауруханаға санавиациямен келді. Бір науқасқа операция жасалып жатыр, екіншісін де дәрігерлер операцияға дайындау үстінде», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы