431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда 269 жанұя «Бақытты отбасы» бойынша баспаналы болды

  • 736
  • UPD: 09:53, 25.11.2019
Таразда 269 жанұя «Бақытты отбасы» бойынша баспаналы болды

Тараз қаласында 269 жанұя «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспаналы болды.

Бағдарламаға қатысуға 900-ден астам адам өтініш берген, алайда төлем қабілеттігін олардың үштен бірі ғана дәлелдей алған. Баспана бағдарлама шарттарына сәйкес 19 жылға 2 процентпен беріледі. Қоныс тойын тойлаушылар қатарында көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылар бар. Пәтерлер сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы бойынша да берілуде. Бұл бағдарламамен 200-ден астам отбасы баспаналы болды. Пәтердің бір шаршы метрі 116 мың теңгеден. Сондай-ақ баспанаға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да қол жеткізуге болады. Оның аясында биыл 9 көппәтерлі үй қолданысқа берілді. 

Ғазиз Ералиев, тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:

- Биылғы жылы 30 тамызда осы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 9 көппәтерлі тұрғын үйді ұсындық. Ол «Жилсторйсбербанк» арқылы сол екінші банктің салымшылары арасында таратылды. Қазіргі таңда 720 пәтердің ішінде 228-і сатылды. Қалғаны құжаттарын рәсімдеуде.

Хабар 24 телеарнасы