433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл 20 мыңнан астам шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

  • 463
  • UPD: 14:32, 25.11.2019
Биыл 20 мыңнан астам шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді turkystan.kz

2019 жылы Қазақстанда 20 557 шетелдікке жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 816, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4 595 рұқсат берілген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 2 210 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 518,8 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай – 4 397 адам, Өзбекстан – 2 254 адам, Үндістан – 1 819, Түркия – 1 845, Ұлыбритания – 1 420 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейтінін еске сала кеткен жөн.

2019 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы республиканың экономикалық белсенді халқының 0,54%-ы (шамамен 48,7 мың адам) деңгейінде белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы