422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында ірі жол апатынан жараланғандардың жағдайы белгілі болды

  • 830
  • UPD: 15:30, 25.11.2019

Түркістан облысындағы ірі жол апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Наушарман Боранбаева телефон арқылы хабарлады.

Айтуынша, жол көлік апатынан кейін Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына түскен 11 науқастың 8-і жансақтау бөліміне жатқызылған. Өйткені олардың жағдайы өте ауыр болған. 3 науқастың жағдайы орта дәрежеде болғандықтан, жарақат бөліміне жайғастырылыпты. Тағы үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Бүгін таңертең жағдайы жақсарған 2 науқас жарақат бөліміне ауыстырылды.

Наушарман Боранбаева, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Қазіргі таңда реанимацияда 6 науқас жатыр. 6 науқасқа дәрігерлік консулимнан кейін облыстық деңгейде санавиация желісі арқылы тағыда кеңес алу үшін тағы да хирург пен нейрохирург маманды шақырып жатырмыз. Ересектер ішінде екі әйел адамда бар, қалғаны ер азаматтар. Травма алғаннан кейін жағдайлары жақсы деп айтуға келмейді. Ауыр жағдайда, орта дәрежедегілер орта, қазіргі таңда жағдайлары ауыр тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы