419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жұмыссыз жастардың қатары азайып келеді

  • 797
  • UPD: 22:08, 25.11.2019

Қостанай облысы үшін биылғы Жастар жылы жемісті болды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 300 миллион теңгеден артық қаражат игерілді. Жарты жыл ішінде Жастарға қызмет көрсету орталығының мүмкіндіктерін 1700 адам пайдаланды. Бірсыпырасы жұмысқа орналасып, әлеуметтік және бизнес жобалар әзірлеудің қыр-сырына қаныққан.

Облыста екі қолға бір күрек таппай жүрген жастар саны жеті жарым мыңнан асады. Жұмыссыз, білімі жоқтар қатары «Жас маман, «Жас кәсіпкер» «Дипломмен ауылға», «Болашақ» сынды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде қысқарып келеді.

Марат Жұрқабаев, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:

– 900 жас 14-тен 29 жасқа дейін «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқудан өтті. Аяғында 200-і 108 млн теңге грантқа ие болды. Одан басқа сол 900-дің ішінде үшеуі төмен пайызы бар 15 млн теңге несиеге ие болды.

Әсіресе, Жастарға қызмет көрсету орталығы өзіндік тиімділігін көрсеткен. Маусым айынан бері орталық көмегіне 1700-дей адам жүгініп, 300-і жұмыс тапқан. Сондай-ақ кәсіп ашуда да мамандар қашанда кеңес беруге дайын.     

Назгүл Ыбыраева, Жастарға қызмет көрсету орталығының маманы:

– «Еңбек» сайты бойынша арнайы іздестіреміз. Табылып жатқан кезде арнайы телефондарын беріп, сол мекемеге хабарласып, «Жастар ресурстық орталығынан» сіздерге мамандар келеді, дұрыстап анық-қанығын түсіндіріп беріңіздер деп жатамыз.

Ал ІТ-технологиялар мектебінің оқушылары еңбек нарығында сұранысқа ие болатындарына сенімді. Олардың жасап шығарған туындылары қазір көпшілік қызығушылына ие.

Рамазан Райысов, іт-технологиялар лицейінің директоры:

– Біраз мамандықтар ІТ-ге байланысты. Сол себепті балаларға бүгінгі беріп жатқан білімдеріміз қазіргі заманға сәйкес келеді. Себебі ІТ бағытында бүкіл әлемде 40-60 процент мамандықтар өзгереді.

Лицейде 200-дей оқушы білім алады. Балалар үшін робототехника, 3Д модельдеу және киберспорт сыныптары ашық. Жақын арада киберспортшылар командасы жасақталып, виртуалды ойындардан халықаралық жарыстарға аттанбақ.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы