375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыртқы істер министрі Гонконгке баратын туристерге сәл кідіре тұруды ұсынды

  • 212
  • UPD: 11:05, 26.11.2019
Сыртқы істер министрі Гонконгке баратын туристерге сәл кідіре тұруды ұсынды

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Гонконг қаласына барғысы келетін туристерге сәл кідіре тұруды сұрады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Гонконг орталығында көліктердің жүруі тығыз болып жатыр. Шеру, полициямен қақтығыс университет жақтарында. Жалпы, біздің Бас консулдығымыз орналасқан жер, басқа аудандар тыныш», - деді Мұхтар Тілеуберді Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына.

Сонымен бірге, министр «қазақстандықтарға ол жаққа турист ретінде баруға бола ма?» деген сұраққа да жауап берді.

«Туристер негізінен барады. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты сәл кідіре тұрса деген ұсыныс бар», - деді ол.

Еске сала кетсек, Гонконг қаласында наразылар мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталғаны хабарланған болатын.

«Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қараша күні наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған. Консул азаматымызға барды, оның денсаулық жай-күйі тұрақты, оң қолының шынтағында ұстау кезінде құлағат сәтте алған аздаған жарақаты бар. Ұсталу жағдайына ешқандай шағымы жоқ», - деп атап өткен еді министрліктен.

Бұған дейін Қазақстанның Гонконгтегі Бас консулдығы Гонконгтегі (ҚХР) жағдайдың шиеленісуіне және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты еліміздің азаматтарына қалада қалыптасқан төтенше жағдайды ескеруді өтінген болатын. Бұған қоса ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров сол жақтағы қазақстандық студенттерді елге оралуға шақырған еді.

Хабар 24 телеарнасы