378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл жалақы берешегі бар кәсіпорындарға 136 млн теңге айыппұл салынды

  • 215
  • UPD: 11:42, 26.11.2019
Биыл жалақы берешегі бар кәсіпорындарға 136 млн теңге айыппұл салынды

Жыл басынан бері жалақы берешегіне жол берген кәсіпорын басшыларына 136 миллион теңге айыппұл салынған.

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

«Соңғы үш жылда жалақы берешегін өтеу бойынша оң үрдіс байқалуда. Атап айтқанда, 2018 жылдың басымен салыстырғанда жалақы берешегі 34 пайызға немесе 744 миллион теңгеге, жыл басынан бері 560 млн теңгеге төмендеп, қазіргі таңда 1 млрд 420 млн теңгені құрады. Берешектің басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қаласына, Ақтөбе облысына тиесілі», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда, жыл басынан бері берешекке жол берген кәсіпорындар басшыларына 1 200 ұйғарым беріліп, 136 миллион теңге айыппұл салынған.

«Қабылданған шаралардың арқасында 36 мыңдай жұмысшының құқығы қорғалып, 5 млрд теңгенің ағымдағы берешегі өтелді. Шараларды күшейту мақсатында бүгінгі таңда еңбек инспекторларының ұйғарымын сот органдарының атқару құжаттар тізбесіне енгізу және жұмыс берушілердің жалақы төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселесі шешілуде», - деді ол.

Еске сала кетсек, Үкімет басшысы жалақыны бермей қалу жұмыс беруші үшін тиімсіз болатындай етіп заңнама нормаларын күшейтуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы