447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында «Медицина жанымызда» акциясы өтіп жатыр

  • 338
  • UPD: 14:03, 26.11.2019
Қызылорда облысында «Медицина жанымызда» акциясы өтіп жатыр

Қызылорда облысында «Медицина жанымызда» атты акция жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық айлығы аясында өңірдің білікті невропатолог, кардиолог және бала дәрігерлері шалғай ауылдарды аралап жүр. Арал ауданына келген медициналық бригада 14 емхана мен 39 медициналық пунктте болып, ем-домнан бөлек, тұрғындарға Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы түсіндірме жүргізді.

Сыр өзенінде мұз ұстасар тұста қалқымалы көпір алынып тасталады да, ауылдықтарға бергі жағаға өтіп, аудан орталығына барып-келу қиындап кетеді. Сондықтан арғы беттегі басы ауырып, балтыры сыздаған жұртқа хал-жағдайын тексертіп, кеңес алуына мүмкіндік жасалды. Жалпы Арал аудандық ауруханасы өткен жылы жаңа көпфункционалды ғимаратқа көшіп, жаңа емдеу аппараттары іске қосылды. Жергілікті дәрігерлер енді тек компьютерлік томография құрылғысының әкелінуін күтіп жүр. Оған қоса, жедел жәрдем көліктерінің санын арттыруды көздейді.

Лаура Әділбекова, Арал аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Облыс орталығынан қашық ауданбыз және де елді мекендер аудан орталығынан қашық орналасқан. 300 шақырым Қазалы ауданы арқылы қатынайды. Медициналық пункттер дәрігерлік емханалардың құрамына кіреді. Егер медициналық бекет аймағындағы халықтан шақырту түссе, сол дәрігерлік емхана жедел жәрдем көлігімен көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы