447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Нығматулин Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасымен кездесті

  • 403
  • UPD: 15:17, 26.11.2019
Нұрлан Нығматулин Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасымен кездесті

Еліміздің Парламент Мәжілісі мен Татарстан Мемлекеттік кеңесінің депутаттары өзара ынтымақтастықты нығайтпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Мемлекеттік кеңес төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесіп, бірқатар келіссөздер жасасты. Нұрлан Нығматулин Елбасы және Қазақстан Президенті Ресеймен стратегиялық әріптестікті дамытуға айрықша көңіл бөлетінін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық-ресейлік өзара іс-қимылды тереңдетуде еліміздің Татарстанмен ынтымақтастығы да үлкен рөл атқаратынына тоқталды. Ал Фарид Мухаметшин тәуелсіз әрі табысты мемлекет құрудағы президенттеріміздің ерен еңбектерін алға тартып, Қазақстанның үлгі тұтарлық тұстары көп екенін айтты. Тараптар қажетті заңнамалық база қалыптастыру Қазақстан мен Ресейдің ортақ мақсаттарын іске асыру ықпал ететініне сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы