443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда туристік қонақ үй ашылады: мамандар Түркияда біліктіліктерін арттыруда

  • 480
  • UPD: 16:09, 26.11.2019
Ақтауда туристік қонақ үй ашылады: мамандар Түркияда біліктіліктерін арттыруда

Ақтауда түркиялық инвесторлардың қатысуымен 500 орынға арналған туристік қонақ үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

«Маңғыстау облысында басымдық берілген саланың бірі – туризм кластері. Осы бағытта қазір Ақтау қаласында түркиялық инвесторлардың, атап айтқанда, «Сембол Контракшннің» қатысуымен құны 57 млрд теңге болатын 500 орынға арналған туристік қонақ үй кешенінің құрылысы жүруде», – деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айтуынша, нысанның бірінші кезеңі 2020 жылдың соңында іске қосылады. Нәтижесінде 600  жұмыс орны құрылмақ.

«Қызмет көрсету саласындағы қажетті мамандар Түркиядағы қонақ үй кешендерінен қазірден бастап арнайы оқытудан өтіп жатыр. Нәтижесінде әлемдік талаптарға сай қызмет көрсететін мамандардың біліктілігі артады», - деді Серікбай Трұмов.

Айта кетсек, Елбасы өңірдегі туризмді дамыту бойынша тапсырма берген болатын.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы