447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР МСМ және агенттік «Адалдық алаңы» жобасын іске қосты

  • 361
  • UPD: 17:33, 26.11.2019

Еліміздің мәдениет және спорт министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасын іске қосты.

Оның аясында министрлік жұмысы оңтайландырылады. Ішкі бизнес процестерді бір жүйеге келтіру арқылы біраз қаржы үнемдеуге болады екен. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге көмектеседі. Ресми деректерге сәйкес, парамен ұсталған мемлекеттік қызметкерлердің 75 пайызының жалақысы төмен екендігі анықталған. Сондықтан мұндай шаралар жемқорлықпен күрестің тиімді тәсілдерінің бірі. Айта кетейік, «Адалдық алаңы» жобасы осымен он бірінші министрлікте ашылды. Жыл аяғына дейін оны барлық министрліктерде іске қосу жоспарланған.

Мирас қарғабай, республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Мақсаты министрліктегі бизнес процестерді зерделеу арқылы қызметтік іс-әрекеттер қалай жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуекелдер бар ма, жоқ па соны зерттеу арқылы, одан кейін азаматтардың өтініштері қандай мәселелер бойынша түсіп жатыр соны зерделеу арқылы нақты шешімдер қабылдау.

Хабар 24 телеарнасы