435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда үшем дүниеге келді

  • 481
  • UPD: 18:01, 26.11.2019
Ақтауда үшем дүниеге келді

Ақтаудағы перинаталдық орталықта үшем өмірге келді. Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Меңліхал Саитғалиева жүктіліктің 34-аптасында Алина, Зарина және Әлихан есімді сәбилерді дүниеге әкелді. 

Шақалақтар 13 қараша күні туылды. Анасы мен балалардың денсаулығы жақсы. Бұл отбасының бұрыннан үш перзенті бар. Отағасы вахталық әдіспен жұмыс істейді. Дәрігерлер бақытты ата-ананы бүгін үйлеріне шығарып салды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстық перзентханада үшемдер үш рет өмірге келген екен. Осыған дейін бір мезетте бірнеше сәби сүю бақыты Ақтау мен Жаңаөзен тұрғындарына бұйырыпты.

Меңліхал Саитғалиева, Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны:

- Бір жарым айлығында естідім. УЗИ-ға түскен кезде айтты. Таң қалғаннан түсінбей қалдым негізінде. Бұл да бір Құдайдың бергені шығар дедім. Мінеки үшем дүниеге келді. Үйде қазір екі ұлым, бір қызым бар. Өте бақытты анамын деп есептеймін.

Тойдық Жұмағанбетова, ІІ дәрежелі дәрігер-неонатолог:

- Осы ата-ананың төртінші жүктіліктен кесарево арқылы дүниеге келді балалары. Екі қыз, бір ұл бала. Дәрігерлеріміздің біліктілігіне байланысты өте жақсы туылды. Барлығының да салмағы екі килограммнан артық. Бүгін барлық прибивкаларын салып, балаларды үйге шығарып салып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы